Атырауда 6-8 қыркүйек аралығында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында голболдан Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті.
Жарысқа Өзбекстан, Мәскеу облысы (Ресей), сондай-ақ Қазақстанның Атырау облысы, Алматы қаласы, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы және Жамбыл облысы командалары қатысты.
Чемпионаттың қортындысы бойынша жүлдегерлер келесідей анықталды:
1 орын – Мәскеу облысы (Ресей);
2 орын – Қарағанды облысы;
3 орын – Алматы қаласы.
«Биыл голболдан Қазақстанның ашық кубогына 7 команда қатысты. Жарысқа Өзбекстан мен Ресейдің командалары да келді. Осындай ашық кубок форматындағы жарыс өзге елдер мен өңірлерден келген командалармен бірге бәсекелестікті күшейтуге, спортшыларымыздың халықаралық жарыстарға дайындығын көруге ықпал етеді. Бұл спортшыларымыз үшін тәжірибе жинап, мықты қарсыластардың арасында өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді», – деді голболдан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Андрей Шпехт.
