Қазақстандық спортшылар шахматтан әлем чемпионатында алтын мен күміс жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар шахматтан әлем чемпионатында алтын мен күміс жеңіп алды

Арменияның Гюмри қаласында тірек – қимыл аппараты зақымдалған
және көру қабілеті төмен спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионаты
аяқталды. Аталмыш додада қазақстандық спортшылар Әлімжан Аяпов
классикадан алтын медальді, ал Серік Солтанов блицтан күміс медальді
жеңіп алды.
«Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Әлімжан Аяпов
классикадан 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, армениялық
спортшы Саргиссян Саргис (6,5) пен беларуссиялық Михаил Дженисиядан
(6,5) басым түсті. Сондай – ақ, Серік Солтанов блицтан 7 турдың
қорытындысы бойынша 5,5 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады», – деді
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау
орталығының сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт бөлімінің
басшысы Ануар Манашев.
Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті
төмен спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионаты 19 – 29 шілде
аралығында өтті. Жарыста 15 елден 50 спортшы бақ сынады. Ұлттық құрама
қатарында жеңімпаздардан бөлек Бақытжан Майкенов пен Аружан Байділә
өнер көрсетті.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 4 =