Тоғызқұмалақ пен жағажай волейболынан Қазақстан Республикасының чемпионаттары басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Тоғызқұмалақ пен жағажай волейболынан Қазақстан Республикасының чемпионаттары басталды


Бүгін, 1 тамызда  тірек-қимыл аппараты зақымдалған  спортшылар арасында жағажай волейболы және тоғызқұмалақ паралимпиадалық емес спорт түрлерінен жарыстар басталды.

Жағажай волейболы Ақтау қаласында бастау алып, 4 тамызға дейін жалғасады. Ел біріншілігіне Ақтау, Түркістан, Қызылорда, Орал, Жаңаөзен және  Батыс Қазақстан облысының спортшылары қатысады. Ал тоғызқұмалақтан жарыс Қонаев   қаласында басталды. Аталмыш бәсекеге 15 өңірден 80-нен астам спортшы бақ  таласатын болады. Бұл жарыстар паралимпиадалық емес спорт түрлерін насихаттауға және мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдауға, сондай-ақ Қазақстанда инклюзивті спортты дамытуға бағытталған.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда паралимпиадалық емес спорт түрлерімен 741-ден астам спортшы айналысады. Бұған арбамен билеу, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг, жағажай волейболы,  дойбы және пара каратэ  спорт түрлері кіреді. Қазақстан Республикасының  чемпионаттары мен кубоктары жылына бір рет өткізіледі, оның қорытындысы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген спортшылар ұлттық құрамаға іріктеледі. Қазақстан құрамасындағы спортшылар оқу – жаттығу жиындарынан өтіп, халықаралық жарыстарға қатысады. Жақында тоғызқұмалақтан қазақстандық спортшылар Чехияда өткен жарыста 8 алтын және 8 күміс медаль жеңіп алды», – деді  Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының  сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің басшысы Ануар Манашев.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × two =