Нышан Өміралі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Нышан Өміралі


Нышан Өміралі Елубайұлы – 1993 жылы 11 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген, қазіргі таңда сол жерде тұрады. Жоғары білімін Тараз мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша алды.

Нышан – пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, +80 кг салмақ дәрежесінде, K44 классында  өнер көрсетеді. Оның жеке жаттықтырушысы — Нұржан Чалобаевич Есильбаев. Нышанның спорттық мансабы 18 жыл бұрын басталды және осы уақыт ішінде ол халықаралық аренада елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Нышанның негізгі жетістіктері:

– 2021 жылы 9-Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, (Стамбул)

– 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, (Хошимин)

– 2022 жылы Гран-придің қола жүлдегері, (София)

– 2022 жылы Еуропа WT Президенті кубогының күміс жүлдегері (Дуррес)

– 2022 жылы Гран-придің қола жүлдегері, (Париж)

– 2022 жылы Гран-придің күміс жүлдегері, (Манчестер)

– 2022 жылы Гран-придің  қола жүлдегері, (Эр-Рияд)

– 2023 жылы Гран-придің  қола жүлдегері, Париж қаласы

– 2023 жылы Солидарис турнирінің чемпионы, Монтаржи қаласы (Франция)

– 2023 жылы 8-Азия чемпионатының қола жүлдегері, Бейрут қаласы (Ливан)

– 2023 жылы Әлем чемпионатының Гран-придің  қола жүлдегері, Веракрус қаласы (Мексика)

– 2022 жылы Азиа  пара ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу)