2019 жылдың қорытындысы бойынша кеңес – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2019 жылдың қорытындысы бойынша кеңес


2019 жылғы 28 қарашада «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-да аға жаттықтырушылардың 2019 жылдың қорытынды кеңесі өтті.

Бұл кеңесте біздің орталықтың аға жаттықтырушылары, спорт дәрігері және психолог сөз сөйледі. Ағымдағы жылғы халықаралық және республикалық жарыстарда спортшылардың нәтиже көрсетуінің қорытындысы, оқу-жаттығу жиындарына қатысуы, сондай-ақ 2020 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының жобасы талқыланды.

Орталықтың дәрігері жарты жылда бір рет спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеруден өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, дәрігер аға жаттықтырушыларды Дүниежүзілік допингке қарсы Кодекстің (WADA) халықаралық стандартының 2020 жылғы тыйым салынған тізіміне сәйкес тыйым салынған субстанциялар туралы хабардар етті.

Орталық психологы аға жаттықтырушыларды ерік күшінің даму деңгейін анықтау және спортшылардың жетістігіне жету мотивациясын анықтау бойынша психологиялық зерттеу жүргізу нәтижелерімен таныстырды. Талдау жүргізіліп, практикалық ұсыныстар берілді. Алдағы жарыстарда спортшылардың жеңіске деген ерік-жігерін дамыту қажеттілігі мақсатында аға жаттықтырушыларға «Спортшылардың моральдық-ерік дайындығы» атты психологиялық семинар бойынша материалдар, сондай-ақ спорттық жаттықтырушының өзін-өзі дамытуға қабілеттілігінің өзіндік диагностикасына арналған сауалнама ұсынылады.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 1 =