Александр Герлиц қысқы спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Александр Герлиц қысқы спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы атанды


Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ел спортының үздіктері марапатталды. Пара шаңғышы Александр Герлиц қысқы спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы және Антон Жданович қысқы спорт түрлерінен жылдың үздік жаттықтырушысы номинацисымен марапатталды.

Александр Герлиц  2022 жылы Пекинде өткен XIII қысқы Паралимпиада ойындарының пара биатлоннан қола жүлдегері. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. Халықаралық және әлемдік турнирлердің жеңімпазы. «Құрмет» орден иегері.

«Мен жылдың үздік спортшысы болғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен абырой. Барлықтарыңызға  қолдау  білдіргендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Ондағы спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып жатқан барлық жаттықтырушыларға, бапкерлерге,  барынша қолдау білдірген  Мәдениет және спорт министрлігіне ерекше алғыс.  Біз әрімен қарай халықаралық жарыстарда жеңіске жетуге атсалысатын боламыз! Ол үшін бар күші-жігерімізді жұмсай бермекпіз», – деп бөлісті Александр Герлиц.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × 1 =