Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды


Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 7,5 қашықтықты 25:07,3 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Жарыста канадалық спортшы Кэмерон Коллин  24:14,3 уақытта мәреге бірінші болып жетсе,  АҚШ спортшысы Арон Пике  24:54,4 уақытымен екінші орынды еншіледі.

Айта кетсек, пара шаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтеді. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасы сапында 7 спортшы ел намысын қорғауда: Герлиц Александр, Хамитов Ербол, Петренко Денис, Усольцев Сергей, Березин Юрий, Зинов Денис және Алимов Нурлан.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five + six =