Португалияда дүниежүзілік IWAS ойындары басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Португалияда дүниежүзілік IWAS ойындары басталды


Бүгін Вила Реал де Санто Антонио қаласында  (Португалия)  дүниежүзілік IWAS ойындары басталды. Жарысқа әлемнің 34 мемлекетінен 500-ге жуық пара спортшы келді. Байрақты додада ел намысын 27 паралимпиадашы спорттың үш түрініен қорғайтын болады: пара жүзу, пара пауэрлифтинг және пара жеңіл атлетика.

Бүгін пара жүзушілер 100 м еркін жүзу, шалқалап жүзу және баттерфляй әдісімен жүзу дисциплиналарда өнер көрсетеді. Өз кезегінде пара жеңіл атлеттер ядроны итеру, найзаны лақтыру және 100 м, 800 м жүгіруден санға түсетін болса, әйелдер арасында пара пауэрлифтингтен ауыр салмақта спортшыларымыз бақ сынайды.

Айта кетсек, IWAS ойындары – бұл арбаға таңылған  және дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт ойындары болып келеді. Ол әр екі жыл сайын өткізіледі.  Қазіргі таңда IWAS ұйымына 73 мемлекет мүшелік етеді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

12 + 14 =