Қазақстандық спортшылар Америкада топ жарды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар Америкада топ жарды


АҚШ-тың  Сент-Луис қаласында 8-11 шілде аралығында пара пауэрлифтингтен  ашық чемпионат өтті. Жарысқа 27 елден 150-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстаннан 4 спортшы қатысып, екеуі жеңіс тұғырынан көрінді.

49 кг салмақта өнер көрсеткен Ерболат Кәрібай 111 келі салмақты бағындырып, жастар арасында бірінші орынды және ересектер арасында екінші орынды иеленді.

Өз кезегінде қазақстандық Максим Тен  -59 келі салмақта  120 кг бағындырып, жастар арасында бірінші орынға ие болды.

Айта кетсек, бұл чемпионат 2024 жылғы Паралимпиада ойындары алдындағы рейтиннтік жарыс болып келеді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 5 =