ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ III СПАРТАКИАДАСЫ ӨТЕДІ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ III СПАРТАКИАДАСЫ ӨТЕДІ


5-10 қыркүйекте Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтеді. Жарысқа еліміздің 17 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысады.

Спартакиаданың басты мақсаты есту қабілеті зақымданған тұлғаларды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, спорт шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыста спорттың 11 түрінен 150 медаль ойнатылады:

·        Армрестлинг ·        Жеңіл атлетика
·        Бадминтон ·        Жүзу
·        Грек-рим күресі ·        Футзал
·        Еркін күрес ·        Таеквондо
·        Дойбы ·        Үстел теннисі
·        Дзюдо

 

 

Еске сала кетсек, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы алғашқы Cпартакиада 2014 жылы Алматы қаласында спорттың 5 түрінен өтсе, II-ші Спартакиада 2018 жылы Ақтөбе қаласында спорттың 10 түрінен өткен болатын.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 2 =