Бүгін, 9-шы қарашада Астана қаласындағы «Барыс арена» спорт кешенінде пара жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Загородниді еске алуға арналған республикалық ашық турнирі өтті.
Жарыс 50 м брасс, баттерфляй, шалқалап және еркін жүзу стильдері бойынша ұйымдастырылды.
«Владимир Загородниді еске алуға арналған пара жүзуден ашық республикалық турнир биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстанда пара жүзудің дамуына зор үлес қосқан, еңбегі сіңген жаттықтырушының есімін ұлықтау біз үшін маңызды. Алдағы уақытта бұл турнирді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл спортшылардың бас қосып, өзара бақ сынап, мүмкіндіктерін көрсетуіне жақсы мүмкіндік»,- деді пара жүзуден бас жаттықтырушы Айдар Картпаев.