Қазақстандық параспортшылар отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Қазақстандық параспортшылар отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионатында өнер көрсетеді

/ #параспорт

10–17 шілде аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында отырып ойнайтын волейболдан әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 16 үздік құрамасы қатысады.


Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 10 шілде күні Хорватия командасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан көруге болады.


Қазақстанның отырып ойнайтын волейбол құрамасы әлемдегі ең мықты командалардың бірі саналады. Спортшыларымыз Азия чемпиондары, Әлем кубогының қола жүлдегерлері және әлемнің үздік 5 құрамасының қатарына кіреді.


Құрамаға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары