Қызылорда қаласында  волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі  аяқталды

Қызылорда қаласында волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі аяқталды

Қызылорда қаласында волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі өз мәресіне жетті. Аталмыш бәсекеге Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының командалары қатысты. Чемпионатта Атырау облысының бірінші, Қызылорда облысы екінші, ал Маңғыстау облысы үшінші орын алды.

«Биыл волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты алғаш рет үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Чемпионаттың бірінші кезеңі 23-26 сәуір аралығында Орал қаласында, екінші кезеңі 15-21 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өтті. Жарысты бірнеше кезең бойынша өткізудің басты мақсаты – еліміздің әр өңіріндегі командалардың жарыс тәжірибесін арттыру, спортшылардың өзара жиі кездесіп, көбірек ойын өткізуіне мүмкіндік жасау. Бұл өз кезегінде олардың ойын шеберлігін шыңдап, командалар арасындағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар чемпионат кезеңдерінің қорытындысы бойынша еліміздің әр өңірінен үздік нәтиже көрсеткен, жоғары ойын шеберлігімен ерекшеленген спортшыларды анықтау.Чемпионаттың барлық кезеңінде жинаған ұпайларының қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегерлер командалар анықталып, алдағы халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын ұлттық құрама сапына үздік спортшылар іріктеледі»,- деді волейболды отырып ойнаудан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов. 

Оған қоса, жарыста спортшылар бірнеше номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда:

үздік  ойыншы - Пердебай Намуратов (Атырау облысы)

үздік шабуылшы - Әбдібек Ерасыл (Қызылорда облысы)

үздік байланыстырушы - Бауыржан Сартаев  (Атырау облысы

үздік тосқауыл қоюшы - Жанңали Суйеов (Атырау облысы)

үздік доп беруші - Асылхан Амидолла (Қызылорда облысы)

үздік либеро - Қуаныш Тажиков (Атырау облысы)

үздік қорғаушы - Шынғыс Медеуов (Қызылорда облысы)

ең нәтижелі ойыншы - Ерболат Алтаев (Мангыстау облысы)

турнирдің үздік жаңалығы - Берік Измаганбетов  (Астана қаласы)

жеңіске деген жігері үшін- Бауыржан Уразалиев (Мангыстау облысы)

Бұдан бөлек, чемпионатта «Жылдың үздік жас волейболшысы» номинациясы бойынша жас спортшылар марапатталды. Олар: жылдың үздік жас шабуылшысы — Бақдәулет Алдаберген (Қызылорда облысы), жылдың үздік жас волейболшысы — Жандос Айтмуханов (Атырау облысы), жылдың жас таланты — Байдәулет Медетұлы (Астана қаласы) және жылдың үздік жас дебютанты — Ибраһим Нұрылла (Қызылорда облысы).

Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан ел біріншілігі 5-8 қараша аралығында өтеді.

Қызылорда қаласында  волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі  аяқталды Қызылорда қаласында  волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі  аяқталды Қызылорда қаласында  волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі  аяқталды Қызылорда қаласында  волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі  аяқталды Қызылорда қаласында  волейболды отырып ойнаудан ел чемпионатының ІІІ кезеңі  аяқталды

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары