Қазақстандық сурдо спортшылар Азия-Тынық мұхиты чемпионатында  2 медаль еншіледі

Қазақстандық сурдо спортшылар Азия-Тынық мұхиты чемпионатында 2 медаль еншіледі

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Азия-Тынық мұхиты чемпионатында Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикадан ұзындыққа секіруден 5 м 37 см нәтижесімен күміс жүлдегер атанды. Оған қоса, Балжан Джумагазыева шахматтан блиц ойын түрінен қола медаль жеңіп алды.

Алдағы уақытта қазақстандық спортшылар сурдо бадминтоннан жұптық және аралас-жұптық, сурдо шахматтан классика және рапид бойынша, ал сурдо жеңіл атлеттер 100 м, 110 м, 400м кедергімен жүгіру, балға, диск, найза лақтыру, ядро итеру, 200 м,400 м жүгіру және 4х400 эстафета дисциплиналары бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты чемпионаты 3-9 қазан аралығында сурдо үстел теннисі, сурдо боулинг, сурдо бадминтон, сурдо жеңіл атлетика, сурдо шахматтан өтеді. Жарысқа 19 елден 400-ге жуық спортшы қатысуда.

Еліміздің тарапынан сурдо бадминтон, сурдо шахмат және сурдо жеңіл атлетикадан 17 спортшы ел намысын қорғайды.

Қазақстандық сурдо спортшылар Азия-Тынық мұхиты чемпионатында  2 медаль еншіледі Қазақстандық сурдо спортшылар Азия-Тынық мұхиты чемпионатында  2 медаль еншіледі

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары