Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті

Орал қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдлимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы аяқталды.

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы IV республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын республикалық дода биыл 10–25 тамыз аралығында Алматы қаласы, Алматы облысы және Орал қаласында өтті. Спартакиадаға еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшы қатысып, 10 спорт түрі бойынша 274 медаль жиынтығын сарапқа салынды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрамасы 228 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Жамбыл облысының спортшылары 186 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Астана қаласының құрамасы 155 ұпаймен үшінші орынды иеленді.

Спартакиада аясындағы алғашқы жарыстар 10 -12 тамызда Алматы қаласында сурдо жеңіл атлетикадан, 10–15 тамыз аралығында Алматы облысында сурдо жүзуден жарыстар ұйымдастырылды. Ал 17–25 тамыз аралығында Орал қаласында шахмат, бадминтон, үстел теннисі, дзюдо, таеквондо, футбол, еркін және грек-рим күресінен еліміздің үздік спортшылары сынға түсті.

«Биылғы Спартакиада еліміздің әр өңірінен келген спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына, спорттық шеберліктерін шыңдауына және жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік берді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар алдағы уақытта ұлттық құрама команда сапына іріктеліп, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын болады.

Алда сурдлимпиадалық спорт түрлерінен бірқатар маңызды халықаралық жарыстар күтіп тұр. Соның бірі – 2027 жылдың қаңтар айында Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындары. Ұлттық құрамамыз осы маңызды додаға тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтижелер көрсетеді деп сенемін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев.

Айта кетейік, Қазақстанда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында алғашқы республикалық Спартакиада 2014 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылып, оған 5 спорт түрінен 400 спортшы қатысты. Содан бері Спартакиада төрт жылда бір рет тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен II Спартакиадаға 11 спорт түрінен 1000-ға жуық спортшы қатысса, 2022 жылы Шымкент қаласында ұйымдастырылған III Спартакиадада 11 спорт түрінен 800-ден астам спортшы бақ сынады. Биыл Спартакиада төртінші мәрте ұйымдастырылып, еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшының басын қосты. Қатысушылар санының артуы елімізде сурдлимпиадалық спорттың қарқынды дамып, оның ауқымы кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары