«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-де (бұдан әрі – Орталық) 2024 жылға жоспарланған ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ішкі талдау жұмыстары басталды.
Аталған талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуда.
Ішкі талдау жұмыстары Орталықта 2025 жылғы 14 шілде мен 22 тамыз аралығында өткізіледі.
Талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді жоюға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.