Мукашбеков Дастан Мұратұлы – 1990 жылы 31 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша орта білімі бар.
Дастан – пара жеңіл атлетикадан , F36 классы бойынша ядро итеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері . Оның жеке жаттықтырушысы – Сергей Борисович Безгачев. Дастанның спорттық мансабы 8 жыл бұрын басталған. Оның жетістіктерінің арасында :
– Тунис 2022 Гран-при әлемдік сериясының жеңімпазы
– Марокко 2024 Гран-при әлемдік сериясының жеңімпазы
– Дубай 2023 Гран-при әлемдік сериясының жеңімпазы
– IWAS 2022 Дүниежүзілік ойындарының жеңімпазы
– Токио 2020 Паралимпиада ойындарының қатысушысы
– 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия Пара ойындарының чемпионы
– 2022 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері
-2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері