Мукашбеков Дастан – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Мукашбеков Дастан


Мукашбеков Дастан Мұратұлы – 1990 жылы 31 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша орта білімі бар.

Дастан – пара жеңіл атлетикадан , F36 классы бойынша ядро итеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері . Оның жеке жаттықтырушысы – Сергей Борисович Безгачев. Дастанның спорттық мансабы 8 жыл бұрын басталған. Оның жетістіктерінің арасында :

– Тунис 2022 Гран-при әлемдік сериясының жеңімпазы

– Марокко 2024  Гран-при әлемдік сериясының жеңімпазы

– Дубай 2023 Гран-при әлемдік сериясының жеңімпазы

– IWAS 2022 Дүниежүзілік ойындарының жеңімпазы

– Токио 2020 Паралимпиада ойындарының қатысушысы

– 2022 жылы Ханчжоуда өткен  Азия Пара ойындарының чемпионы

– 2022 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері

-2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері