2017 жылғы 5-6 қараша аралығында Салават қаласында (Башқұртстан) жүзуден олимпиада чемпионы Вениамин Таяновичтің жүлдесіне арналған, барлық категориядағы мүгедектер арасында жүзуден өткен дәстүрлі турнир аяқталды. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2017 жылғы 5-6 қараша аралығында Салават қаласында (Башқұртстан) жүзуден олимпиада чемпионы Вениамин Таяновичтің жүлдесіне арналған, барлық категориядағы мүгедектер арасында жүзуден өткен дәстүрлі турнир аяқталды.

 2017 жылғы 5-6 қараша аралығында Салават қаласында (Башқұртстан) жүзуден олимпиада чемпионы Вениамин Таяновичтің жүлдесіне арналған, барлық категориядағы мүгедектер арасында жүзуден өткен дәстүрлі турнир аяқталды.

Қазақстан Республикасының спортшысы Рақымбекова Әлия екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

S12-13 сыныбында әйелдер арасында 50 м қашықтықта ол арқамен жүзуден өткен жарыстарда 45.06 м жүзіп, бірінші орынды иеленді, SВ 12-13 сыныбында брасс стилімен 50 м қашықтықта 46,26 м нәтиже көрсетіп, екінші орын иесі атанды. 200 м қашықтықтағы жарыстарда SМ 12-13 сыныбында 3:29.33 нәтижесін көрсетіп, тағы да бірінші орынды иеленді!

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК Қарағанды қаласының спортшысы Рақымбекова Әлияны құттықтайды! Оған мықты денсаулық тілейді және спортта әрдайым биік шыңдардан көрінуіне тілектестік білдіреді!

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

7 − six =