Қазақстандық пара спортшылар Таиландта алтын және қола медальдарға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшылар Таиландта алтын және қола медальдарға ие болды


Паттайяда (Таиланд) өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен  Әлем кубогының жарысы қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды. Бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін  маңызды лицензиялық  және рейтингтік жарыстардың бірі.  Бәйгеге әлемнің 33 елінен 157 спортшы қатысады.

Жарыстың бірінші күнінде Айдарқызы Әйгерім -45 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында үздік есепте (77 кг)  және  үш тәсілілінің қосындысы бойынша 225 кг бағындырып,  алтын медальдерге  ие болды. Сондай-ақ,  ересектер арасында үш тәсілдің ұпай сандарының қосындысына сәйкес  (225 кг) қола медаль ұтып алды.

Ал, Шакиев Станислав -59 кг салмақта  үздік есепте (173 кг)  және үш тәсіл косындысына сәйкес  (344 кг) екі  қола медаль еншіледі.

Сондай-ақ, Құрманбаева Гүлім -45 кг салмақта үздік есепте (89 кг) қола медалінің жүлдегері атанды.

Әлем кубогында біздің еліміздің намысын келесі спортшыларда қорғайды:

  1. Қойшыбаева Раушан (73 кг);
  2. Хамаев Рахметжан (88 кг)
  3. Қабыл Тұрсынай (41 кг);
  4. Дегтярев Давид (54 кг);
  5. Шпицер Андрей (59 кг);
  6. Төлжан Фариза (50 кг);
  7. Исентемиров Ғани (+107 кг).

Жарыс 2024 жылғы 8-11 мамыр аралығында өтуде.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 4 =