Жеңіл атлетикадан сурдо спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жеңіл атлетикадан сурдо спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті


Алматыда 12-14 мамыр аралығында жеңіл атлетикадан есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 143 спортшы қатысты.
Қатысушылар биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, онсайыс, ядро, найза, балға, диск лақтыру, спорттық жүріс, эстафета және әр түрлі қашықтыққа жүгіру сынды дисциплиналар бойынша өнер көрсетті.
«Қазақстан чемпионаты мүгедектігі бар адамдар арасында спортты насихаттау және алдағы халықаралық жарыстарда өнер көрсететін ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу болып табылады. Биыл шілдеде Тайбэй қаласында әлем чемпионаты, қазан айында Тегеранда Азия-Тынық мұхиты ойындары күтіп тұр. Спортшыларымыз жүлделі орындардан көрінеді деп сенеміз. Биылғы ел чемпионатының бір ерекшелігі ересектермен қатар еліміздің 10 өңірінен жасөспірімдерде қатысты», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Әділбек Әділжан.
Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей анықталды:

Ерлер арасында:
1 орын – Алматы қаласы;
2 орын – Ақмола облысы;
3 орын – Ақтөбе облысы.

Әйелдер арасында:
1 орын – Солтүстік Қазақстан облысы;
2 орын – Ақмола облысы;
3 орын – Жамбыл облысы.

Жасөспірімдер арасында (ұлдар):
1 орын – Ақтөбе облысы;
2 орын – Алматы қаласы;
3 орын – Батыс Қазақстан облысы.

Жасөспірімдер арасында (қыздар):
1 орын – Шымкент қаласы;
2 орын – Ақмола облысы;
3 орын – Алматы қаласы.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four + six =