Финляндиядағы боччадан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар алғашқы медальдарын жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Финляндиядағы боччадан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар алғашқы медальдарын жеңіп алды


Финляндияның Лахти қаласында өткен боччадан халықаралық жарыста Қуаныш Асқарбеков қола медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Сондай-ақ, ұлттық құрама қоржынын командалық жарыстарда 3-ші орын алған  Шыңғысханова Итиана, Құрмантаев Александр және Қуаныш Асқарбеков толықтырды.

Жекелей сында Шыңғысханова Итиана төртінші, Алтынсары Темірлан сегізінші, Тілебалды Меруерт бесінші, ал Бөлекпаева Балжан алтыншы орынды иеленді.

Ал жұптық сайыста бақ сынаған Алтынсары Темірлан мен Жеңіс Аружан алтыншы орынға тұрақтады.

«Бочча біздің елімізде қарқынды дамып, жылдан жылға қатысушылар қатарын көбейтуде, әрі бәсекелестік деңгейін арттырады. Халықаралық аренадағы алғашқы медаль жетістігіміздің бастамасы ғана. Бұл бочча Федерациясының дамуына қолдау көрсеткен және көмектескен адамдардың еңбегі. Әсіресе Sport Qory, «Самрұқ Қазына» АҚ және федерациямыздың Президенті, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бочча спортын дамудағы ауқымды үлесін атап өткен жөн.

Айта кету керек, 27-31 мамыр аралығында Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты басталады. Тартысты дода Бахрейнде өтетін шараның іріктеу алаңына айналады”,-деді Қазақстан бочча Федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ульжекова.

Ұлттық құрама спортшыларын Астана қаласының әуежайында 18 мамырда сағат 6:00-де салтанатты күтіп алу шарасы өтеді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

12 + seventeen =