Милана Красавцева пара таеквондодан Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Милана Красавцева пара таеквондодан Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды


Халықаралық паралимпиада комитетінің бипарт комиссиясының қортындысы бойынша пара таеквондодан К44 санатында 52 кг дейінгі салмақ дәрежеінде қазақстандық Милана Красавцева Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының  лицензиясын алды.

Бұл пара таеквондо бойынша 4-ші лицензия болып келеді. Бұдан бұрын К44 санатында 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз  Нұрлан Домбаев, +80 кг салмақта Нышан Өміралі және -57 кг салмақта Кәмиля Досмалова  Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған болатын.

Айта кетсек, Қазақстан спорттың 9 түрі бойынша 33 лицензия жеңіп алды: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (4), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (4), пара каноэ (2), пара оқ ату (2) және пара дзюдо (10).

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven + 3 =