Елордада пара дзюдодан әлемдік Гран-при сериялары өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Елордада пара дзюдодан әлемдік Гран-при сериялары өз мәресіне жетті


Нұр-Сұлтан қаласында  пара дзюдодан Гран-при жарыстары өтті. Турнирге 22 елден 201 спортшы екі категория бойынша қатысты – J1 және J2. Біріншісі зағип спортшылар болса, екіншісі көру қабілеті төмен спортшылар.

Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 1 «алтын», 2 «күміс» және 3 «қола».

1 орны – Ақмарал Науатбек (J2 – 48 келі);

2 орын – Шәмей Ерғали (J1 – 73 келі);

2 орын – Оразалы Олжас (J2 – 73 келі);

3 орын – Федосова Даяна (J2 – 57 келі);

3 орын – Аманжол Жанбота (J2 – 90 келі);

3 орын – Арыстанбеков Бауыржан (J1 – 90 келі).

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Бразилия, Түркия және Иран елдерінен кейін 4-орынға тұрақтады.

Жарыс басты серіктес «SportQory» қолдауымен өтті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × 4 =