Шымкентте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 64-тен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Шымкентте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 64-тен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды


Бүгін, 2 мамырда Шымкентте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы  64-тен  Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылуы басталды.

Биылғы жылы чемпионатқа еліміздің 8 өңірінен 39 спортшы қатысады. Жарыс Швейцария жүйесі бойынша классика (5 тур) және блиц (5 тур) дисциплиналарында  өткізіледі.

Айта кетсек, чемпионат мүгедектігі бар адамдар арасында спортты насихаттау және халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстанның құрама командаларын жасақтау мақсатында ұйымдастырылады.

«Осы жарыстан кейін ұлттық құраманың мүшелері Кемерде өтетін  дойбы 64-тен алғашқы ашық командалық әлем чемпионатына қатысады. Аталмыш жарыста спортшыларымыз үздік өнер көрсетіп, еліміздің туын биіктен  көтереді деп сенеміз», – деді Дене мүмкіндіктері  шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Ольга Будко.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

sixteen − ten =