Әлем кубогының жүлдегерлері Астанаға оралды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Әлем кубогының жүлдегерлері Астанаға оралды


Отандастарымыз Оңтүстік Кореяда пара оқ атудан өткен дүбірлі додада ел қоржынына медаль салып, елордаға оралды.

 Әуежайда спортшыларды жанкүйерлер, Дене мүмкіндіктері  шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алып, құттықтауларын білдірді.

Отандастарымыз Чханвондағы (Оңтүстік Корея) Әлем Кубогында керемет нәтижелерімен көзге түсті.

Жарыстың бірінші күнінде еліміздің тарихында алғаш рет осындай деңгейдегі халықаралық жарыста Еркін Ғаббасов R1 дисциплинасында алтын медаль әкелген болатын. Ал екінші жарыс күнінде қазақстандықтар жүлде тізімін қайта толықтырды: Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық дисциплинасында 615.8 ұпай иеленіп, күміс медаль жеңіп алды.

Жарыста еліміздің атынан тағы 3 спортшы қатысты: Алиева Севда (P2), Ещанов Санаш (R4, R5), Махаева Бигайша (Р2).

Естеріңізге сала кетейік, Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен  Әлем кубогында екінші орынға ие болып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алған еді.

«Қолдау көрсеткен барлық жанға алғыс айтамын. Әлем кубогындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін Париждегі Паралимпиада ойындарына дайындалуға, спорттық шеберлігімді жетілдіруге, жаңа жеңістерге ұмтылуға ынталандырады» – дейді спортшы.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − nine =