Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 64-тен Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу салтанаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 64-тен Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу салтанаты өтті


 

2024 жылғы 29 сәуірде Шымкентте көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 64-тен Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Чемпионат мүгедектігі бар адамдар арасында спортты насихаттау және халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстанның құрама командаларын жасақтау мақсатында ұйымдастырылады.

Биылғы жылы чемпионатқа шамамен 70 спортшы еліміздің 13 қаласы мен облысынан қатысады.

Жарыс Швейцария жүйесі бойынша келесі дисциплиналар  бойынша өткізілмек: рапид (7 тур) және  классика (9 тур).

Жарыс 2024 жылдың 6 мамырына дейін жалғасады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × five =