Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем Кубогында тағы бір медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем Кубогында тағы бір медаль жеңіп алды


Пара оқ атудан әлем Кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық  дисцеплинада  615.8 ұпай жинап, күміс медальді еншіледі.  Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын медальді еншілесе,  қола медальға да Оңтүстік Корея  спортшылары  Ли Юджин  мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен қол жеткізді.

Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз  Еркін Ғаббасов R10 дисцеплинасында чемпион атанып, ел тарихында пара оқ атудан алғашқы алтын медальді әкелген болатын.

Айта кетсек, пара оқ атудан әлем Кубогы Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтуде. Дүбірлі додада   49 мемлекеттен  260-тан астам спортшы өнер көрсетуде. Жарыс 1 мамырға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × 3 =