EXPO-2017 шеңберінде өтетін ШЫҰ мен АӨІСШК халықаралық марафоны 2017 жылғы 27 тамызда Астана қаласында таңғы 08:00-де өтті. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

EXPO-2017 шеңберінде өтетін ШЫҰ мен АӨІСШК халықаралық марафоны 2017 жылғы 27 тамызда Астана қаласында таңғы 08:00-де өтті.


EXPO-2017 шеңберінде өтетін ШЫҰ мен АӨІСШК халықаралық марафоны 2017 жылғы 27 тамызда Астана қаласында таңғы 08:00-де өтті. Марафон бағыты Астананың сол жағалауының негізгі көшелерін қамтыды. Марафонға қатысу үшін ШЫҰ-ға қатысушы-елдердің әрқайсысынан шамамен 50 кәсіби-спортшы тартылды, олар 42 километр, 10 километр және 2017 метр болатын үш әртүрлі қашықтықта жарысты. Шет елдерден келетін қатысушылардың жалпы саны мың адамды құрады. Қазақстандық тараптан төрт мыңнан астам адам қатысты. Астанада өткен халықаралық марафон «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан астанасында өткен ең маңызды спорттық-бұқаралық іс-шара болды.

А.Тюмтеев басшылық ететін «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК ұжымы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен Халықаралық марафонға аса қызығушылықпен, белсенді ат салысты.

Марафонға тек астанадан ғана емес, сонымен қатар республиканың басқа да өңірлерінен спортшылар, жаттықтырушылар және жүгіруге қызығушылық танытатындар қатысты.

Дәл осы күні марафонға паралимпиялық спортшылар, коляскадағы спортшылар, олимпиада (сурдо) спортшылары, тіпті балалар да қатысты және бұндай жағдай қуантпай қоймайды!

Қатысушылардың әрқайсысы осы күні өзін жеңуге, қашықтықты жүгіріп өтуге, қойылған мақсатқа қол жеткізуге тырысты және спортшылар бұл тапсырманы орындап шықты!


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × 5 =