Италияда қазақстандық спортшы арбадағы теннистен ашық турнирде жүлдегер атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Италияда қазақстандық спортшы арбадағы теннистен ашық турнирде жүлдегер атанды


Альгеро қаласында  26-шы мамыр мен 6 маусым аралығында  арбадағы теннистен ашық турнир өтті. Жарысқа 30 мемлекеттен 60-тан астам спортшы қатысты.

Қазақстандық Дастан Неязов жарыста күміс жүлдегер атанды. Ол алғашқы қарсыласы швейцариялық Девин Ив Рюешті 6:4, 6:1 есебімен, ширек финалда  италияндық Джулиано Импечатиді 3:6, 6:2, 6:4 есебімен, жарытлай финалда италияндық спортшы Ренцо Партелді 6:1, 6:0 есебімен жеңіп, финалдық кездесуде италияндық Алессандро Полонға есе жіберіп алды.

Сондай-ақ жарыста, қазақстандық  Федор Старыгин мен Евгений Быков ширек финалға дейін лайықты өнер көрсетті.

«Елімізде бұл спорт түрі жақын арада ашылып, енді іске кірісуде. Ел тарихында арбадағы теннистен халықаралық турнирде спортшыларымыз алғаш рет өнер көрсетті. Жалпы 30 мемлекеттің арасында спортшыларымыз нәтижелі ойындар өткізді деп ойлаймын. Сонымен қатар  бұл рейтингтік ұпайларды алуға мүмкіндік беретін ашық турнир болып келеді. Жалпы алдағы уақытта ұпайлар жинау үшін осындай рейтингтік  жарыстарға қатысу жоспарда бар және онда спортшыларымыз сәтті өнер көрсететіндігіне сенімдімін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналаған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ерлан Дусмаилов.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

six − 2 =