Пара атлеттер әлемдік Гран-При жарыстарында жүлделі орындарға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара атлеттер әлемдік Гран-При жарыстарында жүлделі орындарға ие болды


2022 жылдың 11-18 қыркүйек аралығында Марракеш қаласында пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясының жарыстары өтті. Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен 400-ден астам спортшы қатысты. Гран-При жарыстарына Қазақстан тарапынан 13 спортшы қатысып, 7 медальға қол жеткізді: 4 «күміс» және 3 «қола».

Күміс жүлдегерлер:

  • Руфат Хабибулин – 100 м жүгіру, T-64;
  • Асем Жанадилова – найза лақтыру, F-57;
  • Есболат Балбаев – ядро итеру, F-53;
  • Гульбахыт Каиржанова – найза лақтыру, F-12;

Қола жүлдегерлер: 

  • Еламан Жоламан – найза лақтыру, F-35;
  • Асем Жанадилова – диск лақтыру F-57;
  • Есболат Балбаев – найза лақтыру, F-53.

«Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при жарыстарында қазақстандық спортшылар лайықты деңгейде өнер көрсетіп, қанжығаға 7 медаль байлады. Бұл 2023 жылы Париж қаласында өтетін әлем чемпионатының алдындағы ірі рейтінгтік жарыс. Жарыс барысында еліміздің 3 спортшысы халықаралық классификациядан өтіп, өз спорттық класстарын алды: Жанадилова Асем – F-57, Толегенов Нажемиден – T/F-35 және Исатаев Нурлыбек – F-4. Паралимпиадалық жарыстардағы спорттық класстын басты мақсаты – спортшыларды дене мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты  арнайы топтарға бөліп, спорттық жарысты әділ ұйымдастыру болып табылады» – деді Дене мүкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Нәсіпқали Маулен Абайұлы.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten − six =