Пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы қола жүлдегер атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы қола жүлдегер атанды


Бакуде пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары командалық  жекпе-жекте қола медальді еншіледі.

Жарыста қазақстандық пара дзюдошылар әлемнің үздіктері атанатын Бразилия командасын 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Әзірбайжан командасына есе жіберіп, қола жүлде үшін күресте IBSA құрама командасын жеңді.

Отандастарымыз Олжас Оразалыұлы, Темірболат Ташекенов, Ерлан Конкиев және Аманжол Жанбота өз қарсыластарын иппон әдісімен таза жеңіп, тарихымызда алғаш рет командалық қола медальді сыйлады.

«Бұл жетістік – ерен еңбектің және еліміздегі спортты қолдауының нәтижесі» – деді құрама бас бапкері Жандос Қиянов.

Сондай-ақ, 16 жастағы Альфия Тілекқабыл (J1 -57 кг) IBSA құрама командасы сапында өнер көрсетіп, командалық жарыста қола медальді жеңіп алды. IBSA командасы өз құрамасынан адам саны жеткіліксіз болған жағдайда өзге елдердін спортшыларынан құралады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын командалық сайыста 2019 жылы Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанған болатын.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × 5 =