Пара шаңғышылар әлем Кубогының 1-ші кезеңін аяқтады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара шаңғышылар әлем Кубогының 1-ші кезеңін аяқтады


24-27 қаңтар аралығында Италияның Тоблах қаласында пара шаңғы жарысынан әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтті.  Байрақты бәсекеге 18 мемлекеттен 160-тан астам спортшы қатысты.

Жарыс нәтижесінде ел құрамасы 365 ұпай жинап,  2023-2024 жылғы  қысқы кезеңнің рейтингісі бойынша 19 мемлекеттің ішінде 12-ші орынға шықты.

Ұлттық құрама сапында 7 спортшы өнер көрсетті:

1 Хамитов Ербол
2 Герлиц Александр
3 Усольцев Сергей
4 Березин Юрий
5 Алимов Нурлан
6 Зинов Денис
7 Грачева Анна

Алдағы уақытта 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Италияның Мартель қаласында Әлем Кубогының 2-ші кезеңі өтеді. Одан бөлек  5-10 наурыз аралығында Канаданың Принс-Джордж қаласында әлем чемпионаты бар. Осы қалада 13-17 наурыз аралығында әлем Кубогының 3-ші кезеңі өтеді.

Аталған жарыстардың қортындысына сәйкес 2023-2024 жылғы  қысқы кезеңнің үздік командалары анықталатын болады.

Еске сала кетсек, 2022-2023 жылғы қысқы кезеңде ұлттық құрама 13 медаль (2 алтын, 5 күміс және 6 қола) еншілеп, әлемнің үздік бестігінен көрінді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven − 10 =