Пара дзюдошылар Германияның татамиінде 5 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара дзюдошылар Германияның татамиінде 5 медаль жеңіп алды


Гейдельберг қаласында өткен пара дзюдодан әлемдік гран-при сериясында қазақстандық спортшылар 2 «алтын» және 3 «қола» медаль жеңіп алды.

Финалдық белдесуде -48 кг  (J2) салмақта Ақмарал Науатбек Қытай спортшысы Ли Ликингті иппонмен, ал  +70 (J2) салмақта белдескен Зарина Раифова кубалық спортшы Шейла Самарианды вазари әдісімен жеңіп, еліміздің қоржыны қос алтынмен толықты.

Онымен қатар, -73 кг (J1) салмақта Ерғали Шамей,  +90 (J2) кг салмақта Журкамырза Шукурбеков және -70 кг (J2) салмақта  өнер көрстекен Аяла Мереке жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетсек, пара дзюдодан гран-при жарысы ақпанның 17-18 аралығында Германияда өтті.  Жарысқа 47 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × three =