Париж-2024 Паралимпида ойындарына 188 күн қалды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Париж-2024 Паралимпида ойындарына 188 күн қалды


Бүгін Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында ұлттық құрама спортшыларының Паралимпиада ойындарына жеңіп алған лицензиялар саны, медальдық жоспар,  спорттық форма үлгісі, оқу-жаттығу жиындары, ақпараттық қолдау көрсету және оданда басқа дайындық мәселелері талқыланды.

«Еліміздің пара спортшылары жыл сайын медальдық көрсеткіш бойынша жаңа жетістіктерге жетіп, ел абыройын халықаралық жарыстарда асқақтатып жүр. Пара спортшыларымыздың жетістігіне лайықты көңіл бөліп, ұтымды дайындығына жағдай жасауымыз керек. Осы мақсатта штаб тарапынан барынша қолдау көрсетіледі», – деді штаб басшысы Елсияр Қанағатов.

Айта кетсек, 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарысқа  әлемнің 184 елінен 4000 мыңнан астам спортшы қатысып, 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 5 түрі бойынша 10 жолдама бар (пара пауэрлифтинг – 1, пара жүзу – 3, пара таеквондо -3, пара жеңіл атлетика – 1, волейболды отырып ойнау -1 және пара каноэ -1 ). Жоспар бойынша 8 спорт түрі бойынша лицензиялардың санын 26-ға дейін жеткізу міндеті тұр.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

17 + 9 =