Пара оқ атудан Әлем кубогы басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара оқ атудан Әлем кубогы басталды


Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) әлемнің 49 елінен 268 спортшы қатысатын пара оқ атудан Әлем кубогы өтуде. Бұл жарыста біздің еліміздің намысын келесі спортшылар қорғайды:

  1. Ғаббасов Еркін (R1, R3, R10);
  2. Алиева Севда (P2);
  3. Ещанов Санаш (R4, R5);
  4. Довгелеевич Анна (R2, R3, R10);
  5. Махаева Биғайша (Р2).

«Біз спортшыларымыздың табысты өнер көрсетуіне үміттенеміз, өйткені бұл Әлем кубогында жүлделі орындар үшін ұпайлар қосылып, спортшы халықаралық рейтингте көтерілуі мүмкін. Пара оқ атудан  біздің спортшымыз Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен  Әлем кубогында екінші орынға ие болып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Біздің спортшыларымыз алдағы уақытта да осындай ірі халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, шеберліктерін арттырады деп сенеміз»,- деді Султанбек Қаби Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × 5 =