Қазақстандық пара спортшы Әлем кубогында жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшы Әлем кубогында жеңіске жетті


Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленді, ал үшініші орынға Францияның спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпайымен тұрақтады.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен  Әлем кубогында екінші орынға ие болып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алды.

Пара оқ атудан Әлем кубогы Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) 1 мамырға дейін өтеді. Жарыста еліміздің атынан 5 спортшы қатысады: Алиева Севда (P2), Ещанов Санаш (R4, R5), Довгелеевич Анна (R2, R3, R10), Махаева Бигайша (Р2).


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen + 6 =