Қазақстандық пара дзюдошылар Париж Паралимпиадасында күрестерін жалғастыруда – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара дзюдошылар Париж Паралимпиадасында күрестерін жалғастыруда


Бүгін, 7 қыркүйек, қазақстандық пара дзюдошылар Париж Паралимпиадасының татамиінде өз өнерлерін жалғастыруда. Ширек финалда Жұрқамырза Шүкірбеков (J2 санаты) бразилиялық қарсыласы Сержио Фернандеспен кездесіп, иппонмен жеңіске жетті. Енді жартылай финалда Журкамырза Грузиядан келген Реваз Чикоидземен күш сынасады.

Өкінішке орай, алғашқы раундтар Ғалымжан Смағұлұлы, Бауыржан Арыстанбеков, Ерлан Өтепов және Зарина Раифова үшін сәтсіз аяқталды.

J2 санатында 90 кг дейінгі салмақта Ғалымжан Смағұлұлы грузин спортшысына иппонмен есе жіберді. J1 санатында 90 кг дейінгі салмақта Бауыржан Арыстанбеков ирандық дзюдошымен кездесіп, иппонмен жеңіліп қалды. J1 санатында +90 кг салмақта Ерлан Өтепов бразилиялық спортшымен күресіп, иппонмен ұтылды. Әйелдер арасында J2 санатында +70 кг салмақта өнер көрсеткен Зарина Раифова Қытайлық қарсыласына есе жіберді.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × 1 =