Қазақстандық пара спортшы дүниежүзілік «Abilitysport» ойныдарында күміс жүлдегер атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшы дүниежүзілік «Abilitysport» ойныдарында күміс жүлдегер атанды


Қазақстандық Айдос Жылқышынов Таиландта өтіп жатқан Дүниежүзілік «Abilitysport» ойындарында пара оқ атудан P1 дисциплинасында  228.4 ұпай жинап,  күміс жүлдегер атанды.  Бірінші орын кәріс спортшысы Д. Джаенгду 241.1 ұпайымен еншілесе, 206.9 ұпай жинаған манғолиялық спортшы  Г. Ганджергал үшінші орынға ие болды.

Айта кетсек, дүниежүзілік «Abilitysport» ойындары 1-9 желтоқсан аралығында Накхон Ратчасима қаласында өтуде. Қазақстан құрамаса  пара пауэрлифтинг пен пара оқ ату спорт түрелірінен қатысады. Пара пауэрлифтингтен спортшыларымыздың жарысы 6 желтоқсанда басталады.

World Abilitysport – Халықаралық паралимпиада комитетінің мүшесі болып келеді. Ұйым 2022 жылы паралимпиадалық қозғалыстың екі негізі мүшелерінің бірігуінен кейін құрылған болатын. Ол,  Халықаралық арбаға таңылғандар мен ампутанттардың Федерациясы (IWAS) және халықаралық церебральды сал ауруы бар спортшалар және рекреация қауымдастығы (CPISRA).

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eighteen − two =