«Жыл Үздігі -2023» атты онлайн байқауының өтетіндігін хабарлаймыз – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«Жыл Үздігі -2023» атты онлайн байқауының өтетіндігін хабарлаймыз


Биыл жылдың  6-25 желтоқсан аралығында Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми сайтында «Жыл Үздігі» атты онлайн байқауы өтеді.

 

Байқау келесі номинациялар бойынша сарапқа салынады:

 

«Паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы»;

«Сурдлимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы»;

«Паралимпиадалық емес спорт түрлерінің үздік спортшысы»;

«Паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы»;

«Сурдлимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы»;

«Паралимпиадалық емес спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы»;

«Үздік команда бастығы»;

«Үздік әдіскер»;

«Үздік спорт дәрігері».

 

Аталған номинацияларға үміткерлер 2023 жылдың жетістіктеріне қарай іріктелді. Осы орайда үздіктерді анықтау үшін csp-parasport.kz сайтында «Дауыс беру» бөліміне өтіп,  үміткерлерге дауыс беру кажет!

 

Байқау қортындысы бойынша әр номинацияда ең көп дауыс жинаған үміткер  жеңімпаз атанып,  естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

Баршаңызды csp-parasport.kz сайтына өтіп, үміткерлерге дауыс беру арқылы үздіктерді анықтауға шақырамыз!

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 − 11 =