Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті


6-8 қараша аралығында Ташкент қаласында  (Өзбекстан) есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында таеквондодан халықаралық турнир өтті. Жарыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан спортшылары бақ сынады.

Ел намысын 6 спортшы қорғады. Қазақстан командасы 1 «алтын», 1 «күміс» және 4 «қола» медальді еншіледі.

Ерлер арасында:

1 орын – Жақып Нұрдәулет (68 кг);

2 орын – Максим Бездольный (58 кг);

3 орын – Руслан Ахметов (80 кг).

Әйелдер арасында:

3 орын – Виктория Протопопова (49 кг), Сания Досымханова (67 кг), Аида Макатова (68 кг).

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + nineteen =