Әбілхасымқызы Салтанат – 2000 жылдың 14 қаңтарында Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазіргі уақытта да сол жерде тұрады. М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Салтанат – пара жеңіл атлетикадан 100 м жүгіру бойынша T35 классы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Салтанаттың жеке бапкері – Тахир Рахимұлы Мамашев.
Спорттық мансабын 9 жыл бұрын бастаған. Осы уақыт ішінде ол пара жеңіл атлетикадан Гран-при сериясының жүлдегері атанды:
– 2022 жылы Тунистегі Гран-при сериясының жүлдегері
– 2024 жылы Мароккодегі Гран-при сериясының жүлдегері