Али Махулбеков – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Али Махулбеков


Али Нұрғалиұлы Махулбеков – 2002 жылдың 10 маусымында дүниеге келген. Қазіргі таңда Атырау қаласында тұрады. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бакалавр дәрежесінде білім алған.

Али Махулбеков – пара  үстел теннисінен  халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  8 класста өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Гүлнәр Әбілқайырқызы Иманалиева. Спорттық мансабы 10 жыл бұрын басталып, осы уақыт аралығында Али халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетті. Спорттық мансабында ел намысын халықаралық ареналарда қорғап, әртүрлі деңгейдегі 15-тен астам марапатқа ие болды.

2023 жылы Египеттегі ашық чемпионатта (Гиза қаласы, 20-фактор) жеке есепте 3-орынды және аралас есепте 2 – орынды иеленді. Сондай-ақ, 2023 жылы Сауд Арабияда өткен   ашық чемпионатта (Эр-Рияд қаласы, 20-фактор) күміс жүлдеге ие болды.

2024 жылы Астана қаласында пара үстел теннисінен өткен Ашық чемпионатта 2-орын алды. Сол жылы Гиза қаласында өткен Египеттегі Ашық чемпионатында жұптық сында 3-орынды (40-фактор) иеленді. Кейінірек, 2024 жылы Италияның Линьяно-Саббьядорро қаласында өткен Ашық чемпионатта аралас жұптық сында қола медаль (20-фактор) және Польшадағы Ашық чемпионатта жеке есепте 3-орын (Владыславово қаласы, 20-фактор) иеленді.