Алтаев Ерболат – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Алтаев Ерболат

Алтаев Ерболат Досыбаевич – 1986 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Маңғыстау облысында тұрады. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Ерболат волейболды  отырып ойнаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құраманың мүшесі. Спорттық мансабы 16 жыл бұрын басталған.VS2 классында өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Сеидов Құралбек Мамыртаевич.

Негізгі жетістіктері:

– 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

– 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында күміс жүлдегер атанды.

– 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.