Арстанбеков Бауыржан – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Арстанбеков Бауыржан


Арстанбеков Бауыржан Оразбекұлы – 1988 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Астана қаласында тұрады. Жеті бала тәрбиелеп отыр. Л.Н  Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Бауыржан пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорттық мансабы 8 жыл бұрын басталды. J1 санатында, 90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Дәурен Оразұлы Оразов.

Негізгі жетістіктері:

– 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері

– 2023 жылғы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері