Бибарыс Спатай – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Бибарыс Спатай

Бибарыс Абылайұлы Спатай – 1998 жылы 13 желтоқсанда туған. Қазіргі уақытта  Түркістан облысында тұрады. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіның «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Бибарыс пара каноэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Пара каноэдан  ұлттық құрамасының капитаны.  KL2-200 м классы бойынша  өнер көрсетеді. Спорттық мансабы 10 жыл бұрын басталған. Жеке жаттықтырушы – Евгений Петрович Алексеев.

Ол бірнеше рет Азия чемпионы, ал 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия Пара ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.  Әлем чемпионатында (Дуйсберг, Германия) 5-орынға ие болды, бұл оған XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берді. Париж-2024   Паралимпиада ойындары ол үшін екінші Паралимпиада ойындары болмақ. Бұған дейін  2020 жылы Токио паралимпиадасына қатысқан.