Далиев Сиязбек – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Далиев Сиязбек


Далиев Сиязбек Мейрамұлы – 1990 жылы 7 қазанда туған. Қазіргі уақытта Астана қаласында тұрады. Екі ұлды  тәрбиелеп отырған үлгілі әке.

Л. Н Гумилев атындағы ЕҰУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Сиязбек  пара жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жеке жаттықтырушысы – Джунисова Эльвира Мұратқызы.

Сиязбек S5, SD5, SM5 класстары бойынша 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзу бойынша , 50 метр қашықтықта шалқалап жүзу мен   50 метр баттерфляй бойынша өнер көрсетеді. Оның спорттық мансабы 16 жыл бұрын басталды және осы уақыт ішінде ол әлемдік аренада айтарлықтай жетістіктерге жете алды.

Оның жетістіктеріне мыналар жатады:

– Токиодағы 2009 жылғы Азия ойындарының екі дүркін күміс және қола жүлдегері.

– БАӘ-де 2011 жылғы Дүниежүзілік ойындардың чемпионы.

– Кореядағы 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

– Сочидегі 2015 жылғы жарыстың күміс және қола жүлдегері.

– Индонезиядағы 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.

– Токио-2020 Паралимпиада ойындарында 5-орынға ие болды.

– Мадейра аралында (Португалия) 2021 жылғы Еуропа чемпионы.

– 2022 жылғы Италиядағы әлем Кубогының күміс жүлдегері.

– 2022 жылғы Мадейра аралындағы (Португалия) әлем чемпионатының қола жүлдегері.

– 2023 жылғы Берлиндегі (Германия) әлем Кубогының қола жүлдегері.

4×50 м аралас  командалық эстафета  мен 4×100 м  аралас эстафетаның күміс жүлдегері.

– 2022 жылы Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия пара ойындарының қола жүлдегері.

– 2024 жылғы Сингапурдағы әлем кубогының әлемдік сериясының қола жүлдегері.