Досмалова Камиля Ақылбайқызы – 1992 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Алматы қаласында тұрады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алған. Камиля пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 57 кг салмақ дәрежесінде, K44 санатында өнер көрсетеді. Оның жеке жаттықтырушысы — Усенов Анвар Бейсенұлы. Спорттық мансабын 10 жыл бұрын бастаған. Негізгі жетістіктері:
– 2021 жылы 9- Ашық Еуропа чемпионатының чемпионы, Стамбул қаласы
– 2021 жылы 9-Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Стамбул қаласы
– 2022 жылы WT Президенті кубогының күміс жүлдегері (Албания)
– 2022 жылы Гран-придің қола жүлдегері (Болгария)
– 2022 жылы Азия чемпионатының чемпионы (Ливан)
– 2022 жылы Гран-придің қола жүлдегері (Франция)
– 2022 жылы Панамериканың қола жүлдегері
– 2022 жылы Гран-придің қола жүлдегері (Манчестер)
– 2022 жылы Азиа пара ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу)
– 2023 жылы Ашық чемпионатының күміс жүлдегері (Монтаржи)
– 2023 жылы France Open жарысының күміс жүлдегері (Франция)
– 2023 жылы Гран-придің қола жүлдегері (Мексика)
– 2023 жылы Гран-придің қола жүлдегері (Қытай)
– 2024 жылы WT Азия Президенті кубогының қола жүлдегері (Иран)
– 2024 жылы 9- Ашық Азия чемпионатының қола жүлдегері (Вьетнам)
– 2024 жылы Ашық әлем чемпионатының чемпионы (Оңтүстік Корея)