Федосова Даяна – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Федосова Даяна


Федосова Даяна Владимировна – 2001 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. Қарағанды қаласында тұрады. «Болашақ» университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Даяна пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорттық мансабы 4 жыл бұрын басталды. J2 класында, 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Сағындыков Қанат Амантаұлы.

Негізгі жетістіктері:

– 2022 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері

– 2022 жылғы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері

– 2023 жылғы Азия чемпионатының чемпионы