Габидуллина Зульфия Раухатқызы – 1965 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Қазіргі уақытта Тараз қаласында тұрады.
Габидуллина Зульфия – пара жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Оның жеке жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы. Ол ел тарихында Рио – де – Жанейро – 2016 Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алтын сыйлаған алғашқы спортшы. S4, SB3, SM4 класында өнер көрсетеді.
Рио-де-Жанейро Паралимпиада ойындарында 100 м еркін стильде жүзуден бірінші орын алды. Кез-келген кедергілерге қарамастан жоғары жетістіктерге ұмтылып, көпшілікке үлгі болды.
Оның спорттық мансабында келесі жетістіктер де бар:
– 2017 жылы Мехикода өткен әлем чемпионатында 50 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 1-орын,
– 2017 жылы Мехикода өткен әлем чемпионатында 100 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 2 – орын,
– 2013 жылы Монреальда өткен әлем чемпионатында 50 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 2 – орын,
– 2013 жылы Монреальда өткен әлем чемпионатында 100 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 3 – орын,
– 2013 жылы Монреальда өткен әлем чемпионатында 50 м қашықтықта шалқалап жүзден 3-орын,
– 2015 жылы Глазгода өткен әлем чемпионатында 50 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 3 – орын,
– 2015 жылы Глазгода өткен әлем чемпионатында 100 м қашықтықта шалқалап жүзуден 3-орын.
2018 жылғы Азия пара ойындарында келесідей нәтижеге қол жеткізді:
– 100 м қашықтықтыа еркін стильде жүзуден 1 – орын,
– 50 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 2 – орын,
– 50 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 2 – орын,
– 200 м қашықтықта еркін стильде жүзуден 3 – орын.
XVII Жазғы Паралимпиада ойындары Зульфия үшін төртінші Паралимпиада ойындары болмақ.